Сұлтанов қоғамдық тамақтану орындарына тапсырысты онлайн алуды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қоғамдық тамақтану орындарына тапсырсыты онлайн алу ұсынылады. Бұл клиенттерді көптеп тартуға және қызмет сапасын арттыруға жағдай жасайды. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Орталық коммуникация қызметінің онлайн-брифингінде айтты.

Министр елдегі төтенше жағдайға байланысты қоғамдық тамақтану орындардың жұмысы сағат 22.00-ге дейін қысақарғанын, сондай-ақ бір уақытта 50 адамға дейін ғана қабылдау ұсынылғанын айтты. 
Кәсіпкерлерге мүмкіндігінше терезені жиі ашып тұруды және тапсырысты онлайн қабыладуды ұсынып жатырмыз. Бұл клиенттерді көптеп тартуға және қызмет сапасын арттыруға жағдай жасайды, - деді ол.
Сонымен қатар, ол қызмет көрсету саласы бойынша әсіресе сұлулық салоны, ателье және басқа да қызметтерге әр сағат сайын үстелдер мен есік, лифтілерді залалсыздандырып, тазалап отыру жүктелгенін жеткізді. Мұндай жерде жұмыс істейтіндер бөлмені желдетіп, ауасын тазалап отырулары керек. Егер халық көрсетілген қауіпсіздік шараларын сақтайтын болса вирустың таралуы болмайды.

Бұған дейін ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Орталық коммуникация қызметінің онлайн-брифингінде тамақ өнімінің бағаларын көтеруге, алып сатарлыққа жол бермеу үшін барлық күш жігерді салатынын және ол үшін тиісті құқықтар мен құралдар жеткілікті екенін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы