"СҚ-Фармация" басшысы Ерхат Есқалиев қанша жалақы алатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ол бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "КВИ жағдайына байланысты дәрі-дәрмекпен қамту мәселесі: баға, сапа, халықты қамтамасыз ету" тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг барысында мәлімдеді.
Менің жалақыма келер болсақ, 750 мыңнан басталады. Бірақ мен әлі бір ай толық жұмыс істемегендіктен, жақын арадағы кеңесте тиісті жалақы деңгейі бекітілуі керек, - деді Есқалиев.Ол брифинг барысында әкімшілік шығындарды азайту жұмыстарына да тоқталды.
Әкімшілік шығыстарға тоқталып өтсем, біз жұмыс тобын құрдық. Қазірдің өзінде есептеу жұмыстарын аяқтап қалдық. Жалға беру шығындарын 10% - ға, жалға беру алаңдарын қысқарту көлемін 20%-ға дейін төмендетеміз. Жыл соңына дейін 200 млн теңгеге дейін төмендету жұмыстарын дайындаймыз деген сенімдедім. Бұл осы бағыттағы соңғы сан емес. біз жұмысты әлі де жалғастырамыз. Шығындарды ұлғайтпай қосымша функциялар жеткізілді, олар яғни, мобрезервтер, жеке нарық және гуманитарлық. Біз мұнда барынша оңтайлы бағытты таңдауға тырысамыз, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы