Съездің адамдар арасындағы бейбітшілікті сақтауға ықпалы зор – Израиль архиепископы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ХІХ отырысында Иерусалим Автокефалия шіркеуінің патриарх өкілі, антидон архиепископы Хендерсон Майкл Нектариос (Израиль) айтты. Сондай-ақ ол мұндай сипаттағы жиындардың қоғамға тигізер пайдасын алға тартты.
Осы хатшылықтың ХІХ отырысына қатысу мен үшін өте үлкен құрмет. Бұрынғы жиындарға да қатысқан болатынмын. Өзіндік орны бар қасиетті шығыс жерінде өтіп жатқан бүгінгі басқосулар арқылы халықтың өзара түсіністігін қамтамасыз етуіміз қажет. Тек осындай жағдайда ғана біз барлық адамдар арасындағы бейбітшілікті сақтай аламыз, - деді архиепископ Хендерсон Майкл Нектариос.
Сонымен қатар ол съезд хатшылығының кезекті отырысына өз бағасын берді.
Сіздердің қонақжайлылықтарыңыз мені тәнті етті. Исламдағы келесі болатын съезге қатысуға ниеттіміз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевқа Съезді өткізуге атсалысқандары үшін шексіз алғысымды жеткізгім келеді, - деді Иерусалим Автокефалия шіркеуінің патриарх өкілі.
Еске сала кетейік, бұған дейін әл-Азхар Ислам зерттеулер академиясының Бас хатшысы діни форумның рухани мәні жоғары екендігі туралы айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы