Сьерра-Леонеде жанармай таситын көлік жарылып, 100-ден аса адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Африканың батысында Сьерра-Леоне штатында жанармай таситын көлік басқа бір жүк көлігімен соқтығысып, жарылыс болды. Салдарынан 100-ден астам адам қайтыс болды. Бұл туралы korrespondent.net жазды.
Веллингтондағы Бай-Бурех Роуд жолында жанармай тиелген жүк көлігінің басқа жүк көлігімен соқтығысынан болған жарылыс туралы хабарды естіп, қатты қайғырдым. 100-ден астам адам қаза тапты деген қауесет тарады. Материалдық залалдың мөлшері белгісіз, - деп жазды Фритаун қаласының мэрі Ивонн Аки-Савьерр.
Қала мэрі қайтыс болғандардың туыстарына қайғыра көңіл айтты.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, зардап шеккендердің саны бірнеше жүзге жуық болуы мүмкін. Себебі апатқа ұшыраған жанармай құйылған цистернаға тегін жанармай жинау үшін көп адам жүгірген. Дәл осы сәтте жарылыс болды. Көптеген адам күйік пен жарақат алды. Ондаған ғимарат зардап шекті. Екі жанармай бекеті жанып кетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы