Үржар, Өскемен әуежайлары жаңартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Үржар ауылындағы әуежайдың ұшу-қону жолағы жаңартылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті отыз төртінші сессиясында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов айтты.

"Нұрлы жол" инфрақұрылымдық дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2018 жылы Семей қаласы әуежайының ұшу-қону жолағы 10,7 миллиард теңгеге жөнделді. ол республика және халықаралық рейстерді қабылдау үшін ашық. Енді 2019-2021 жылдары Өскемен әуежайын жаңғырту және Үржар ауылындағы әуежайдың ұшу-қону жолағы жаңарту көзделіп отыр, – деді басқарма басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы