Рыпакова Азия жеңіл атлетика қауымдастығы комиссиясына мүше болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Азия жеңіл атлетика қауымдастығының спортшылар комиссиясының мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі.
Азия қауымдастығы атынан осы тағайындалуына байланысты құттықтау хат келіп түсті. Комиссия құрамы төмендегідей:
Төраға – Андрей Абдувалиев (Өзбекстан).
Комиссия мүшелері:
1. Ван Ю (Қытай);
2. П Уша (Үндістан);
3. Ольга Рыпакова (Қазақстан);
4. Ли Хуп Вэй (Малайзия);
5. Саад Шаддад (Сауд Арабиясы).
Спортшын тағайындау туралы хат мәтінінде Азия қауымдастығының төрағасы генерал Дахлан Әл-Хамадтың атынан ұйымның Бас хатшысы Шұғылмарран құттықтауын жеткізді.
«Мен өзіңізбен терең біліміңіз бен тәжірибеңізді әкелетініңізге сенемін және Азия жеңіл атлетикасының дамуы мен жетістігіне үлес қосуыңызды асыға күтеміз», - деп атап өтті бас хатшы.
Бүгінгі таңда Қазақстан жеңіл атлетика өңірлік қауымдастығының комиссияларында екі адам өкілдік етеді.
Бұған дейін, 15 шілдеде Азия жеңіл атлетика қауымдастығының 93-ші кеңесі аясында ҚР федерациясының бас хатшысы Асхат Сейсембеков жарыстарды өткізу жөніндегі комиссияның мүшесі болып тағайындалды.