Рымбаева, Майғазиев, Меденова жүрген той биыл болмаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілші. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы» өткен онлайн брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Жуырда әлеуметтік желілерде Роза Рымбаева, Сәкен Майғазиев, Айдана Меденова сияқты танымал әртістер жүрген тойдың видеосы тараған еді. Осыған орай карантин талаптарын бұзған қанша әртіс пен блогерге айыппұл салынғаны туралы қойылған сауалға министр видеодағы шараның карантинге дейін түсірілгенін жеткізді.

Бізге жеткен мәліметтер бойынша, видеодағы танымал отандық әртістер жүрген шара биыл болмаған. Біз мұндай материалдарды жинақтап жүрміз, - деді ол.
Алексей Цой медиа саласындағы тұлғалардың вакцинацияға келіп, екпе салу процесінің қалай өтетінін жариялау арқылы денсаулық сақтау жүйесін қолдап жатқан азаматтарға алғыс блдірді.
Біз мұндай жағдайларға бей-жай қарамайтын азаматтарға алғыс білдіреміз. Қазірдің өзінде әлеуметтік желілерде азаматтардың өз еркімен екпе салу шараларын қолдап жатқанын көріп отырмыз. Бұл біздің вакцинация процесіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге қосқан ортақ үлесіміз болмақ, - деді ол.
Бұған дейін танымал әншілердің біразы қатысқан тойдағы видеоға қатысты тексеру жүргізіліп жатқаны хабарланды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы