Ұрыларды ұстауға көмектескен тұрғындар марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавл полицейлері ұрыларды ұстауда көмек көрсеткен екі тұрғынды марапаттады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Петропавлда 7 тамыз күні полицияның кешенді күштерінің гарнизондық таратылуына екі қала тұрғыны шақыртылды. Біреуі – такси жүргізушісі Сергей Кузенёв, екіншісі – сатушы Лариса Бурлёва. Қалалық Полиция басқармасының бастығы Жандос Мұқатов сапта тұрған сақшылардың алдында оларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Төрт ай бұрын бұл азаматтар зейнеткерді тонап кеткен ұрыларды ұстауда көмек көрсетті.Қылмыс 8 сәуір күні орын алған. Бұрын сотталған 1982 жылы туған петропавлдық пен оның 1993 жылы туған танысы басқосудан соң банкоматтан зейнетақысын алып жатқан 74 жастағы зейнеткер әжейді аңдып, қолынан 150 мың теңге ақшасы бар сөмкесін жұлып алып, қашып кеткен. Сол маңдағы дүкеннің қызметшісі мен өтіп бара жатқан такси жүргізушісі бұл оқиғаны көріп, күдікті әйелді ұстап алып, полицияға табыстады. Ал күдікті ер адам бой тасалады. Алайда көп ұзамай Жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камераларының көмегімен патрульдік полицейлер оны ұстады, - делінген ақпаратта.4 шілде күні сот оларға қатысты үкім шығарды.
Ер адам үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның танысының үш жылға бас бостандығы шектелді. Келтірілген шығын толығымен өтелді. Құқық қорғау органдарына көмек көрсететін азаматтарды марапаттау полицияда игі дәстүрге айналған. Бұл айналасында болып жатқан жәйттерге бейжай қарамайтын тұрғындар мен полицияның арасындағы іс-қимылдың тиімділігін көрсетеді. Осы қылмысты ашуда ерекше көмек көрсеткен барша азаматтарға алғыс айтамын, - дейді Жандос Мұқатов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өзбекстанда талапкерлер емтиханды ашық стадионда тапсырады
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы