Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты
Қазақстанның бірінші ракеткасы америкалық Энн Лиді екі сетте жеңіп, Торонтодағы WTA 1000 турнирінің ширек финалына бір қадам жақындады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Торонтода (Канада) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдегі өнерін сәтті жалғастырып жатыр. Үшінші айналымда қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 31-орында тұрған америкалық Энн Лиді екі сетте жеңді.
Кездесу Рыбакинаның пайдасына 6:2, 7:5 есебімен аяқталды. Матч 1 сағат 28 минутқа созылды.
Ойын барысында қазақстандық теннисші екі эйс жасап, бір қос қателікке жол берді. Сондай-ақ алты брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және турнирде екінші нөмірмен тіркелген Елена Рыбакина енді ширек финал жолдамасы үшін бақ сынайды.
Оның келесі қарсыласы австралиялық Майя Джойнт пен ресейлік Людмила Самсонова арасындағы матчтың жеңімпазы болады.
Осылайша, Рыбакина үшін келесі кездесу Торонтодағы беделді турнирдің чемпиондық атағына талас жолындағы тағы бір маңызды қадам болмақ.