Рыбакина Римдегі турнирдің үшінші айналымына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жарысты екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші әлемнің 65-ракеткасы, италиялық Ясмин Паолинимен кездесті.
Бірінші партияда Рыбакина тай-брейкте басым түсті - 7:6 (7:4). Екінші сет жеңілірек болды - 6:1.
Бір жарым сағаттан астам уақытқа созылған матчта Елена 6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 57-ракеткасы, ресейлік Анна Калинскаямен кездеседі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы