Рыбакина отандық теннис тарихында алғаш рет әлемнің екінші ракеткасы атанды
Елена Рыбакина "WTA чемпиондар жарысында" екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Жыл басынан бері қазақстандық 4901 ұпай жинаған. Рыбакинаның ең жақын тұрған ізбасары – 4505 ұпай жинаған "Уимблдон 2024" турнирінің финалисі италиялық Ясмин Паолини.
Әлемнің бірінші ракеткасы поляк Ига Швёнтек 7465 ұпаймен көш бастап тұр."WTA чемпиондар жарысы"– маусымның ең үздік 8 теннисшісі ғана бақ сынайтын жылдың қорытынды турнирі. Биылдан бастап 2026 жылға дейін турнир Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтеді. 2024 жылы байқау 2-9 қараша аралығында өтеді. Жүлде қоры рекордтық 15,25 миллион долларға жетіп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкенттің экс-әкімінің ағасы бес тәулікке қамауға алынды
Келесі жаңалық
Таразда екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы