Рыбакина Мексикадағы турнирде кезекті жеңісіне қол жеткізді

Елена Рыбакина Мексиканың Канкун қаласында өтіп жатқан WTA турнирінде тарихи жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

RRaketkasi телеграм-каналының мәліметінше, қазақстандық теннисші әлемнің 9-ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен кортқа шықты. 

Шешуші партияда есеп 3:2 болған мезетте Елена брейк жасай білді – 4:2. 

Бірақ ізінше Марияның брейк жасауына мүмкіндік беріп қойды. 

Ақыры матч тағдыры тай-брейкте шешіліп, онда қазақстандық теннисші матчты эйспен түйіндеді – 7:6 (7:2).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: RRaketkasi телеграм-каналы
Өзгелердің жаңалығы