Рыбакина Майамидегі турнирде жартылай финалға шықты

Дәл қазір АҚШ-тың Майами қаласында теннистен WTA 1000 санатындағы турнир жалғасып жатыр және қазақстандық Елена Рыбакина кезекті кездесуін сәтті өткізіп, жеке рекордттарын жаңартты, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. 

Қазақстандық спортшы соңғы сында италиялық Мартина Тревизанмен жолығып, айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп: 6:3, 6:0. Матчтың өзі 1 сағат 10 минутқа ғана созылды.

 Айта кету керек, Рыбакина Майами ашық чемпионатының жартылай финалына алғаш рет шығып тұр. Бұған қоса қатарынан 12 рет жеңіске жетіп, жеке көрсеткішін де жаңартты. Бұған дейін оның ең үздік нәтижесі қатарынан 7 жеңіс болатын. Еленаның келесі қарсыласы әзірге белгісіз. 

Белгілісі – америкалық Джессика Пегула мен ресейлік Анастасия Потапова кездесуінің жеңімпазымен жолығады. Майами қаласындағы жарыс 2 сәуірге дейін жалғасады. Ал оның жүлде қоры 8 миллион 800 мың АҚШ долларын құрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы