Рыбакина Майами мастерс турнирінің 1/4 финалына шықты

Қазақстандық спортшы Елена Рыбакина Майами мастерс турнирінің 1/4 финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық теннисші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Майами WTA 1000 турнирінің келесі кезеңіне өтті. 

Жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған мастерс додасының ширек финалына шығу үшін Рыбакина әлемнің 39-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенспен кездесіп, 6:4 және 6:3 есебімен жеңді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Өзгелердің жаңалығы