14 Наурыз 2026, 12:10 Фото: ҚР ҰОК

Рыбакина Индиан-Уэллстегі беделді турнирдің финалына шықты

Теннисші тағы да топ жарды.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің финалына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жартылай финалда Рыбакина WTA рейтингінде 9-орында тұрған украиналық Элина Свитолинаны жеңді. Кездесу 7:5, 6:4 есебімен аяқталды.

Матч 1 сағат 46 минутқа созылды. Қазақстандық спортшы 6 эйс жасап, бір қос қателік жіберді және 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Ал Свитолинаның еншісінде 6 эйс, 8 қос қателік және 9 мүмкіндіктің екеуі ғана жүзеге асқан брейк-пойнт бар.

Финалда Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирлерінің төрт дүркін жеңімпазы саналатын Беларусь теннисшісі Арина Соболенкомен кездеседі.

АҚШ. Индиан-Уэллс. WTA-1000. Хард. ½ финал
Елена Рыбакина – Элина Свитолина – 7:5, 6:4