Бүгiн 2026, 07:48
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті
Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің финалында жеңіске жете алмады
Соған қарамастан, бұл турнир Елена Рыбакина үшін тарихи нәтиже болды.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирі финалында әлемнің бірінші ракеткасы, беларусьтік Арина Соболенкоге есе жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Матч тартысты өтті. Бірінші сетте қазақстандық спортшы брейк жасап, 6:3 есебімен алға шықты. Екінші партияда Соболенко есепті теңестіріп, 6:3 нәтижесімен жеңіске жетті.
Шешуші үшінші сетте қарсыластар тай-брейкке дейін барды. Қорытындысында Соболенко басым түсіп, кездесу 6:3, 3:6, 6:7 есебімен аяқталды.
Соған қарамастан, бұл турнир Елена Рыбакина үшін тарихи нәтиже болды. Бүгін, дүйсенбі күні ол мансабында алғаш рет WTA рейтингінде екінші орынға көтеріледі.
Айта кетейік, биылғы маусымда Елена Рыбакина Australian Open 2026 финалында Арина Соболенконі жеңіп, чемпион атанған болатын.