Рыбакина Билли Джин Кинг кубогінде жеңіске жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірінші ракетка Елена Рыбакина Билли Джин Кинг кубогінде Германияға қарсы матч өткізіп, Қазақстанға мерзімінен бұрын жеңіс әкелді, деп хабарлайды Vesti.kz сайты.
Оның қарсыласы әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Анжелика Кербер болды, ол үш сетте жеңілді: 4:6, 6:3, 7:5. Кездесу екі сағаттан астам уақытқа созылды.
Шешуші партияда Рыбакина 3:5 есебімен қатарынан төрт ойын жеңіп, Қазақстанға матчтік кездесуде (3:0) мерзімінен бұрын жеңіс әкелді.
Сондай-ақ жарыстың алғашқы күнінде Рыбакинадан бөлек Қазақстан ұлттық құрамасында дебют жасаған Юлия Путинцева да өз рекордын жаңарта отырып, жеңіске жетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шерхан Мұртазаның музейі ашылады
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы