8 Маусым 2023 2023, 10:42

Рыбакина әлемдік рейтингіде үздік үштікке енеді

Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде үздік үштікке енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде үздік үштікке енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ролан Гаррос турнирінің қорытындысы бойынша Рыбакинаның алдына әлемнің 7-ракеткасы, тунистік теннисші Онс Жабер шығуы мүмкін еді, бірақ ол ширек финалда әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майядан жеңілді.

Рыбакина польшалық Ига Швентек пен Беларусь өкілі Арина Соболенкодан кейін ресми түрде алдағы дүйсенбі күні әлемнің үшінші ракеткасы атанады.