Ресейде бір тәулікте 7 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде тәулік ішінде коронавирус инфекциясын 7113 адам жұқтырған, деп хабарлады russian.rt.

Жалпы, Ресейде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 613 994-ке жетті.

Соңғы тәулікте Ресейдің 82 аймағында 7113 адам COVID-19 инфециясын жұқтырған. Оның ішінде симптомсыз науқастар саны 2278 (32,0%) құрайды, — делінген хабарламада.

Осыған дейін ауру 7176 адамда расталған еді.

Айта кетейік, коронавирус індетіне шалдыққандар саны әлем бойынша 9,4 млн адамды құрады. Оның 483 мыңы көз жұмып, 4,7 млн-ы жазылып шықты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы