Руслан Құрбанов Әлем Кубогінің қола жүлдегері атанды

Германияның Хайденхайм қаласында семсерлесуден Әлем Кубогі өтіп жатыр, деп хабарлады BAQ.KZ Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Бәсекеге 42 елден 345 спортшы жиналды. Оның ішінде 6 қазақстандық бар.

Бүгін Ұлттық құрама көшбасшысы Руслан Құрбанов қола медаль жеңіп алып, жақсы нәтижеге қол жеткізді. Ол 1/32 финалда Оңтүстік Кореядан келген қарсыласын 15:8 есебімен жеңді. Содан кейін 1/16 кезеңде мажарстандық спортшыны 15:8 есебімен тізе бүктірді. 1/8-де ол италиялық семсерлесушіні жеңді. Есеп – 15:11. Сондай-ақ 1/4 финалда тағы бір мажарстандықты ұтты. Финал жолдамасы үшін таласта Руслан Жапония спортшысына 10:15 есебімен жол беріп, қола жүлдегер атанды, - делінген дирекция таратқан хабарламада.

Бүгін командалық жарыс өтеді. Қазақстан құрамасы сапында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Дмитрий Алексанин, Вадим Шарлаимов, Еңлік Сертай және Александр Савин өнер көрсетеді

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Өзгелердің жаңалығы