Руслан Курбанов Германиядағы әлем кубогында жеңіске жетті

Германияның Хайденхайм қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасының көшбасшысы Руслан Курбанов жекелей сынның жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Ақтық сында ол Италияның әлем чемпионатының күміс жүлдегері Давиде ди Веролиді 15:14 есебімен жеңді.

Русланның турнирдегі жолы:

  • 1/32: Эльмир Әлімжанов (Қаз) 15:14
  • 1/16: Давид Надь (Мажарстан) 15:13
  • 1/8: Акира Комата (Жапония) 15:11
  • 1/4: Никита Жулинский (Қаз) 15:14

Жартылай финал: Тристан Тюлен (Нидерланд) 15:9

Сонымен қатар, бұл кезеңде Қазақстан құрамасының 4 спортшысы – Руслан Курбанов, Никита Жулинский, Кирилл Проходов және Александр Федотов – TOP-16 қатарына кірді. Жарысқа 44 елден 373 үздік семсерлесуші қатысты.

Еске салсақ, былтыр Тбилисиде өткен әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы Францияны жеңіп, тарауда тарихи қола медаль жеңіп алған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Өзгелердің жаңалығы