Руслан Берденовтің жағдайы туралы Денсаулық сақтау басқармасы мәлімет берді
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары оқ жарақатымен кеше түнде қалалық ауруханаға түсті. Оған шұғыл операция жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Операция барысында қан кету тоқтатылды, жарақаттанудан болған зақым қалпына келтірілді. Өміріне қауіп жоқ. Пациенттің жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады. Ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында және барлық қажетті медициналық көмекті алуда, – делінген басқарманың хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Руслан Берденов жарақат алып, ауруханаға түскен болатын. Оқиға қала әкімдігінің жанында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті шенеунікке қарай үш рет оқ атқан. Аталған қылмысты жасаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Орландо әуежайында 282 жолаушысы бар ұшақ өртеніп кетті
Өзгелердің жаңалығы