Руслан Берденов жансақтау бөліміне ауыстырылды
Танымал кәсіпкер, Мәжілістің экс-депутаты Динара Шүкіжанова Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандықтан кейін оның жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол ауруханаға Олжас Құспеков пен Айдарбек Қоджаназаровпен барған.
Досымыздың халін біліп, тез сауығып кетуіне тілектес болуға келдік. Русланның жағдайы жақсарып келеді, бірақ жансақтау бөлімінде жатыр. Ол мықты, бәрін жеңіп шығады, ал біз жанындамыз, – деп жазды Динара Шүкіжанова.
Айта кетейік, Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасалған еді. Оқиға 21 сәуірде кешкі сағат 20:30 шамасында қалалық әкімдік ғимаратының жанында болған. Бірден ауруханаға жеткізіліп, Руслан Берденовке 4 сағат бойы ота жасалды.
Осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тергеу жүріп жатыр
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Колледждерде жан басына шаққандағы қаржыландыру ұлғаяды
Өзгелердің жаңалығы