18 Мамыр 2025 2025, 14:42
Фото: Pixabay.com
Румынияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды
Румынияда 18 мамыр, жексенбі күні, президент сайлауының екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Adevărul газетінің мәліметінше, ел бойынша 18 979 сайлау учаскесі ашылған, олар Астана уақытымен сағат 23:00-де жабылады.
Шетелде тұратын Румыния азаматтары үш күн бойы дауыс бере алады. Ең алғашқы сайлау учаскесі 15 мамырда Жаңа Зеландияда ашылған.
Сайлаудың бірінші кезеңі 4 мамырда өтті. Онда ең көп дауыс жинағандар – ұлтшыл бағыттағы «Румындарды біріктіру альянсы» (AUR) партиясының жетекшісі Джордже Симион (41%) және Бухарест мэрі Никушор Дан (21%) болды.