Румынияда орман өрті ауылға ойысты

Румынияның Марамуреш өңірінде де қызыл жалын жасыл желекті жайпап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы уақытқа дейін ол 500 гектар жерді жалмаған. Бұдан бөлек, тілсіз жау бір ауылды отқа орап, бірнеше үйді тып-типыл еткен. Осыған байланысты 90 тұрғынның қауіпсіз жерге көшуіне тура келген. Әзірге зардап шеккендер жайлы ақпар жоқ. Өртке не себеп болғаны да белгісіз. Жалынды ауыздықтау үшін қазір аймақта 250 өрт сөндіруші жұмыс істеп жатыр.

 Бұдан бөлек, көрші елдерден тағы 40 маман тартылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы