Румынияда 35 жанармай цистернасы бар жүк пойызы рельстен шығып кетті

Румынияда 7 маусым, сенбі күні жанармай тасымалдаған жүк пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Digi24 телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға Бухарест-Крайова теміржол магистралінде, Малдэн елді мекенінің маңында түнгі уақытта болған.

Апат салдарынан локомотив пен екі цистерна жолдан шығып, олардың бірі зақымданып, жанармай төгілген. Төтенше жағдай орны елді мекеннен 1,5 шақырым және ұлттық DN6 тас жолынан 1,1 шақырым қашықтықта орналасқан. Жанармайдың тұтану қаупіне байланысты өрт сөндірушілер зақымдалған вагонды тоқтаусыз салқындатып отырды.

Оқиға орнына екі өрт сөндіру бригадасы, арнайы техника мен химиялық қорғау көлігі жұмылдырылды. Апат аумағында пойыз қозғалысы мен электр қуаты уақытша тоқтатылған.

Айта кетейік, биылғы 2 сәуірде Чехияда да ұқсас жағдай тіркеліп, Оломоук маңында жолаушылар пойызы рельстен шығып кеткен болатын. Ол кезде екі адам жарақат алып, төгілген жанармайдың салдарын жою үшін арнайы мамандар жұмыс істеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа техникалық ақау себеп болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы