Румыния президенті отставкаға кетеді
Румыния президенті Клаус Йоханнис отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Euronews таратқан ақпаратқа сәйкес, саясаткер 12 ақпаннан бастап биліктен кетеді. Ол мәлімдемесін оппозициялық партиялар мемлекет басшысының импичментін енгізуге қатысты парламенттегі дауыс беру кезінде жариялады.
Румынияны дағдарыстан шығару үшін мен Румыния президентігінен отставкаға кетемін, - деді Йоханнис.
Айта кетерлігі, Румынияда наразылықтар әлі тоқтаған жоқ.
Клаус Йоханнис 2014 жылдан бері елді басқарды. Былтыр қарашада Румынияда президенттік сайлаудың бірінші турында кандидат Кэлин Джорджеску жеңіске жеткен болады.
Алайда сайлау нәтижесін Румынияның Конституциялық соты жоққа шығарды. Одан соң Жоғарғы сот Йоханнистің билігі 21 желтоқсанда тоқтағанымен, жаңа президент сайланғанға дейін оны орнында қалдыру туралы шешім шығарды. Елде сайлау 4 мамырда өтеді деп жоспарланған.