Бүгiн 2026, 03:40
Фото: freepik
Румыния президенті: Ел саяси дағдарыс алдында тұр
Президент алдағы апталарда тараптардың әрекеті айқындалатынын айтып, өзі делдал рөлін сақтайтынын жеткізді.
Румыния президенті Никушор Дан елде саяси дағдарыс басталғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, жағдай билеуші коалициядағы Социал-демократиялық және Ұлттық либералдық партиялар арасындағы бәсекелестіктен туындаған, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап,
Президент алдағы апталарда тараптардың әрекеті айқындалатынын айтып, өзі делдал рөлін сақтайтынын жеткізді. Сондай-ақ ол елде миноритарлық үкімет құрылуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
Дан коалициялық келісімнің бұзылуына алаңдаушылық білдіріп, батысшыл саяси күштердің ынтымақтастығы Румынияның қаржылық тұрақтылығы үшін маңызды екенін атап өтті.
Сонымен қатар ол социал-демократтар ұсынған премьер-министр кандидатурасын қолдамайтынын ашық айтты.