Румыния премьеріне маскасын шешкені үшін айыппұл салынды

Алматы, BAQ.KZ. Румыния Үкімет басшысы Людовик Орбан эпидемияға қарсы шектеулерді бұзғаны үшін айыппұл төлеуіне туралы келді. Бұл туралы Euractiv жазды.

Румыния премьер-министрі Людовик Орбан бөлмеде шылым шегу кезінде маскасын шешіп тастаған. Осылайша карантин шектеулерін бұзғаны үшін ол 3 мың леев (617 евро) көлемінде айыппұл төледі,-деп жазды аталған басылым.

Сенбі күні әлеуметтік желіде жариялаған фотодан кейін оған қатысты дау ұшыға түскен. Суретте Людовик Орбан өз бөлмесінде бірнеше министрмен шылым шегіп отырғаны бейнеленген. Оның үстіне ондағы отырғандардың барлығы маскасыз болған.

Орбан өзінің кінәсін мойындап, заң бұзғандар соған сай жазалану керектігімен келіскен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы