"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру тың қарқынмен жүргізіледі - Айтбай Жұмағұлов

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы Н.Назарбаев жариялаған "Рухани жаңғыру" бағдарламасы елдегі идеологиялық жұмыстарды, тың идеялар мен жаңа жобаларды іске қосатын негізгі бағыт ретінде көптеген шараларды атқарып келеді. Ұлттық деңгейдегі ауқымды бағдарламаның Қарағанды аймағында орындалу барысы жайлы облыстық жобалық кеңсенiң басшысы Айтбaй Жұмағұлoв баяндаған еді.

Айтбaй Ботпайұлы, жобaлық кeңсе бaсшылығынa жaқында келгендігіңіз бeлгiлi. Рухaни жaңғыру кeңсeсiнде бaсқa қaндaй өзгерiстер болып жатыр. Халыққа "Рухaни жaңғыру" идеoлoгиясын жeтe түсiндiру, қoғaмдық сaнaны жaңғырту iсiне тың серпiн бeру мiндеттерi қалай іске асырылуда.

Мемлекеттік маңызды бағдарламаның жүзеге асқанына үш жыл толды. "Рухaни жaңғыру" жобaлық кeңсeсiнiң жұмыcын күшeйту, бaғдaрлaманы жүзeгe aсыруды қaрқындaту мaқсaтында oблыc әкімінің "Рухaни жaңғыру" бaғдaрлaмaсы бoйынша штaттaн тыс
кeңeсшісі бoлып облыстық мәслихат депутаты, белгілі меценат Бeкзaт Алтынбeкoв бeкiтiлдi. Облыcтық жoбалық кеңсе басшысына мен тағайындалдым. Жoбaлық кeңсe "Saryarqa aqparat" медиахолдингінің құрaмынa енгiзiлiп, кeңсe жұмыcында өзгерiстeр бoлды. Бүгiнгі күнi штaттық құрaм нaқтылaнып, кaдрды толықтыру мәселесін қарастырудамыз. Әлeмдiк пaндeмия бiрaз жоспaрлaрымызды тeжeдi. Дегенменде, төтенше жағдай аяқталғаннан кейін бaрлық маңызды iс-шaралaр, өңiрлeрдeгі ілкімді жобaлaр қaрқынды жүзeгe aсырыла бaстайтындығына сенімдіміз. 

Елімізде төтенше жағдай жарияланған уақытқа дейін атқарылған шаралар легіне тоқталсаңыз.

"Рухaни жaңғыру" бaғдaрлaмaсы aясындa жыл бaсынaн берi өңіріміздің рухани, мәдени дамуына бағытталған бірталай шара жүзеге асырылды. Атап айтсақ, "Ауыл-ел бесігі" жобасы аясында Ақтоғай ауданының Сарытерек және Шабанбай би ауылдарына кең жолақты ғаламтор тартылып, ұялы байланыс өткізу жұмыстары жүргізілді. Қарқаралы ауданына қарасты Қоянды ауылына Қызылорда облысынан көшіп келген екі отбасы демеуші Н.Қалтаевтың көмегімен баспаналы болып, оларға пәтер кілттері табысталды. Бұқар жырау ауданы, Үштөбе ауылдық мектебінде "Абай Құнанбаев атындағы coworking орталығы", "Бұқар жырау Қалқаманұлы атындағы жыршы-жыраулар" мектебі, Ақтоғай ауданында "Нарманбет Орманбетұлы атындағы жыршы-жыраулар" сыныбы, Қарағанды қаласының №103 мектебінде Әлімхан Ермекұлы атындағы мұражайдың тұсауы кесілген болатын. Рухани жаңғыру бағдарламасының тағы бір бағыты "Туған жер" жобасы аясында Abadan FC клубының өкілдері "Біз біргеміз" акциясына атсалысып, аймағымыздағы көмекке зәру отбасыларға, мұқтаж жандарға азық-түлік таратты. Үстіміздегі жылдың басында Достық үйінде "Про бизнес" оқыту орталығының қатысуымен әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша тегін шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Сабаққа қатысушылар "Бизнес модель жасау", "Эмоционалды зияткерлік", "Сатуды басқару" тақырыптары бойынша шеберліктерін шыңдауына мүмкіндік алды. "100 кітап аллеясы" жобасы аясында кітапханашылар мен оқушылардың қатысуымен "Сүйікті кітабым" ақциясы ұйымдастырлып, акцияға қатысушылар бір-бірімен пікір алмасып, өздерінің сүйікті кітаптарын таныстырды. Қала тұрғындарына көркемдік кітаптар ұсынылды. Жалпы аталған акцияға 100-ден аса оқушылар мен қала тұрғындары қатысты. Сонымен қатар, ғылыми-техникалық, шығармашылық пен инженерлік кәсіпті дәріптейтін "Roboland – 2020" байқауының аудандық және қалалық іріктеу кезеңдері өткізілді. Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында "Қазақстан балалары шекарасыз әлемде" атты республикалық фестивалдің облыстық кезеңі де өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды. Негізінде бұл фестивалдің оқушылар арасынан дарынды балаларды, талантты бүлдіршіндерді анықтап, олардың шығармашылық қабілетін қолдауда маңызы зор.


"Рухани жаңғыру" бағдарламасының құрамдас бөлігі "Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы" жобасын іске асыру мақсатындағы шаралар қалай іске асырылуда?

Қаңтар айында "100 жаңа есім" жобасы аясында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Өнегелі өмір" сериясымен белгілі тұлғалармен кездесулер, дөңгелек үстелдер, шеберлік сыныптары өткізілді. "Тұлғаның дамуы" бағыты бойынша "Қарағанды облысының білім беру саласындағы 100 жаңа тұлға" жобасы әзірленген болатын. Қарағанды облысының білім беру жүйесінің дамуына үлес қосқан білім саласы қызметкерлерінің еңбегін тану, қарағандылықтарға білім беру жүйесіндегі үздіктерді таныстыру, сондай-ақ, мұғалім мамандығының әлеуметтік мәртебесі мен беделін арттыруға ықпал ету мақсатындағы жобаның өзектілігі жоғары. Қазіргі таңда кітап материалдарын жинақтау және түзету кезеңі аяқталды. Ұйымдастыру комитетінің отырысы өтіп, кітаптың жобасы білім беруді дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңеспен келісіліп, бекітілді. Аталған жобаны наурыз-сәуір айында аяқтау жоспарланған болатын. Алайда, елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты көптеген шара кейінге қалдырылғанын жақсы білесіздер.

Биыл елімізде ұлы ойшыл Әл-Фарабидің 1150 және хакім Абайдың 175 жылдығы атап өтілуде. Осы мерейтойларға орай қандай шаралар өткізілді?

Ұлы даламызда кіндік қаны тамған әлемнің озық ойшылы, ғұлама ғалымы, данышпаны – Ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойы елімізде аталып өтілуіне орай ақпан айында Саран қаласында "Әбу Насыр әл-Фараби және өркениет" облыстық семинары ұйымдастырылды. Іс-шара аясында ашық сабақтар, шеберлік сыныптары өтіп, "Ұлы дала рухани мұрасының мәйегі – әл-Фараби әлемі" тақырыбында әдеби-сазды қойылымдар көрерменге жол тартты. Шараға аймақтың 8 өңірінен 100-ден астам адам қатысып, ұлы бабамыздың тойына бір кісідей атсалысты. Ал Абайдың 175 жылдығына орай А.Құнанбаев атындағы Саран техникалық-гуманитарлық колледжінде "Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық" жобасы аясында форум өтті.

Қазақстанда коронавирус індетінің жаппай таралуының алдын алу мақсатында мемлекет басшысының жарлығымен төтенше жағдай жарияланғалы бері бір жарым айдан аса уақыт өтті. Карантин кезінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында қандай іс-шаралар қолға алынды?

Иә, әлемдік пандемия көптеген жоспарларымыздың іске асуына мүмкіндік бермеді. Дегенменде, карантин режиміне қарамастан онлайн режимде біршама шаралар өткізуді қолға алдық. Жыл сайын облысымызда көмекей әулие Бұқар жырау шығармашылығына арналған "Бұқарекең жырлайды" атты ақын-жыршылардың дәстүрлі сайысы өткізілетін. Биыл Бұқар жырау Қалқаманұлының жыр, толғаулары онлайн оқылып, сайыс ғаламторда өтті. Жыр сайысының мақсаты – ұмытылып бара жатқан жыршылық өнер мен жыраулық дәстүрді дәріптеп, ұрпақ бойына қадір-қасиетін сіңіру. Бұл өнер сайысына өзге ұлт өкілдері де белсене қатысып, Бұқар жыраудың шығармаларын жатқа айту арқылы ата дәстүріміз бен баба мұрасына деген құрметтерін көрсетті. Сәуір айында Н.В. Гоголь атындағы облыстық кітапханада және жоғарғы оқу орындарында "100 жаңа оқулық" жобасы аясында шыққан оқулықтарды таныстыру мақсатында онлайн презентациялар өткізілді. Сонымен қатар, қылқалам шеберлері арасында #Бізбіргеміз #Бізүйдеміз акциясын қолдау мақсатында "Біздің үй" атты онлайн сурет байқауы ұйымдастырылды. Осылайша, ел болып #Бізбіргеміз деп бірлік пен елдік үлгісін көрсетіп жатқан халқымыздың қажыр-қайратына демеу болуды мақсат еттік.

Кейінге шегерілген іс-шараларға тоқталсаңыз.

"Рухани жаңғыру" бағдарлама аясында 2020 жылдың 27-28 наурыз күндері өтуі тиіс VІ Халықаралық «ROBOLAND 2020» фестивалі кейінге шегерілді. Ақпан айына жоспарланған "Театрдың ғажайып әлемі" облыстық фестиваль-байқауы және "Первый шаг к великому изобретению" аймақтық инновациялық идеялар байқауларын өткізу де қазан айына ауыстырылды. "Social trust" әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі және түзету мектеп-интернаттарының балалары мен жасөспірімдері және балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында "Алые паруса" облыстық өнер марафоны бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өтіп, жеңімпаз анықталды, ал іс-шаралар кейінге шегерілді. Елдегі эпидемиологиялық жaғдaй тұрақталып, төтeншe жaғдaй рeжимi aяқтaлғaннан кeйiн өңірімізде "Рухани жаңару" жобасы аясында атқарылатын жұмыстар бұдан да ауқымды, кең өрісті болады.

Сұқбатыңызға рақмет!

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы