"Рухани жаңғыру" аясында "Азаматтық алаң" жұмыс істейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен халық алдында есеп беру кездесуі кезінде айтты.
Тағы бір үлкен бағыт – бұл қоғамдық сананы рухани жаңғырту. Білесіздер, бұл туралы осыдан үш жыл бұрын ұзақ мерзімді арнайы бағдарлама қабылданған. Осы уақыт ішінде біраз шаруа атқарылды. Қазіргі таңда аталмыш бағдарлама аясында 13 арнайы жоба іске асырылып жатыр. Бағдарламаны іске асыру бойынша биылғы 2020 жылға арналған 97 тармақтан тұратын жоспар да бар. Оған сәйкес атқарылатын іс-шаралар – тұлғалық даму, ұлттық ерекшелікті сақтау және мемлекет пен азаматтық қоғамды дамыту сияқты 3 бағытқа бөлінген. Міне, әр өңірдің осындай өз жоспары бар, - деді министр.Ақпараттандыру жағына тоқталған Аида Балаева "Ruh.kz" порталы және осы бағдарламаға қатысты барлық мәселелерді талқылау үшін арнайы "Азаматтық алаң" жұмыс істейтінін айтты.
Әрине, кенже қалған мәселелер де бар. Олар бойынша біз жергілікті ресурстық орталықтармен тығыз қарым-қатынастамыз. Біздің жағымыздан "Еңбек – елдің мұраты", "Құқықтық мәдениет", "Үнем – қоғам қуаты", "Дәстүр мен ғұрып" атты 4 арнайы жоба ұсынылып отыр. Олардың әрқайсысына жеке концепциялар жасалып қойған. Бұл жобалардың барлығының түбінде негізгі идея – тұлғаны тәрбиелеу мен қоғамда биік талғам қалыптастыру, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жемқорлықпен күрескен ардагерлердің тәжірибесін пайдалану керек
Өзгелердің жаңалығы