"Рухани Жаңғыру" амбассадорлары анықталады – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ведомствоның "Рухани Жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылатын шараларды айтып берді.

Бірінші, "Рухани жаңғыру" амбассадорлары жобасын жүзеге асыру керек. "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асырудың тиімділігі бойынша сараптамалық баяндама жасау көзделген. Қазақстанның киелі жерлерінің танымалдылығын арттыру мақсатында 2gis картасына қосу бойынша жұмысты жалғастыру керек. Ағымдағы жылы вице-министр Ғ.Оспанқұловқа "Рухани жаңғыру" бағдарламасын әрі қарай жүйелеп дамытудың нақты стратегиясын жасауды және оны жүйелі түрде жүзеге асыруын тапсырамын, - деді ақпарат және қоғамдық даму министрі. 


Қазір елордадағы "Қазмедиа" орталығында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтіп жатыр. Жиында министр Дәурен Абаев телеарналар мен интернет ресурстардың мемлекеттік тапсырысты орындау критерийін бағалау жүйесі өзгеретіні және жас журналистер мен студенттер арасында "Үміт" конкурсы өтетіні
туралы айтты. 

Дәурен Абаев отбасылық саясатты дамытудың екінші сатысы басталатынын жеткізді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы