Рухы мықты, қайраты кемел азаматтар мықты мемлекет қалыптастырады – Балаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева facebook-тегі парақшасында жазды.
Рухы мықты, қайраты кемел азаматтар мықты мемлекет қалыптастырады. Оған әсіресе өнер мен мәдениеттегі таланттардың, жазушылар мен ақындардың, ғалымдар мен спортшылардың қосар үлестері орасан зор. Соның ішінде әсіресе олимпиада спортшыларының орны бөлек. Өкінішке қарай, бүгінде Токио олимпиадасындағы кейбір спортшымыздың сәтсіздігіне көпшілік жағымсыз пікірлермен тым әділетсіз сын айтып жатыр, - деді министр.Балаева айтқандай, оның ішінде бұған дейінгі жарыстарда еліміздің атын төрткүл дүниеге танытып жүрген танымал атлеттеріміз де аты аталуда.
Мысалы 2016 жылы Рио Олимпиадасында Василий Левиттің рингтегі өнеріне бүкіл еліміз тамсанды, оған көрсетілген әділетсіздікке бірге жандары ауырды. Осы жолы Василий жеңілді, бірақ оның осы бес жыл ішінде еліміз үшін дайындалып, кезекті олимпиадалық циклден өтіп, рингке қайта шығуының өзі құрметтеуге тұрарлық шешім деп санаймын. Ольга Рыпакованың да сәтсіздігі мен оның кәсіби карьерасын аяқталды деген ақпарат көңілге тіпті қаяу түсіреді. Ольга бүкіл саналы ғұмырын отандық спорт жолына арнап, еліміздің атын талай мәрте дүбірлі додаларда асқақтатқан бірден бір жеңіл атлет. Ол 36 жасында өзінің төртінші Олимпиадасына қатысып, еліміздің намысын кезекті рет қорғауға шешім қабылдады. Олар үлкен спорттағы карьерасын аяқтағанымен алдағы уақытта өздерінің ізін басар шәкірт тәрбиелеуде үлкен еңбек етеді деп сенемін, - деді ол.Оның айтуынша, қандай жағдайда да ұлы спортшыларымыздың жетістіктері мен жеңістерін біз ешқашан ұмытпауымыз керек.
Қиын сәттерде қолдау көрсету арқылы ғана біз оларға сенім ұялатып, келер күндердің жеңістерінен үміт ете аламыз. Біз үшін біздің спортшылардың барлығы да нағыз чемпиондар, - деді Аида Балааева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Арыстағы эвакуацияға 100-ге жуық полицей қатысты
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы