12 Наурыз 2024 2024, 10:20
Фото: -архив
Рудныйдағы электр желісі қалпына келді
Кеше Рудный қаласында электр желілерінде ақау шығып, төрт көшеде жарық сөніп қалған еді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Кеше Рудный қаласында электр желілерінде ақау шығып, төрт көшеде жарық сөніп қалған еді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Салдарынан 6 мың абонент жарықсыз отырды. Қуат көзін қалпына келтіруге 4 сағат кетті.
Рудный қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметі бойынша апатқа қалаға жарық беретін электр кабелінің үзілуі себеп болған. Қазір ақау шыққан аумақ қалпына келтірілді.