22 Желтоқсан 2025 2025, 22:53
Фото: pixabay
Рудныйда жүк көлігі отқа оранды
Рудный қаласының Топоркова көшесінде жүк көлігі өртенді. Хабарлама түскеннен кейін ТЖМ бөлімшелері оқиға орнына жедел жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Рудный қаласының Топоркова көшесінде жүк көлігі өртенді. Хабарлама түскеннен кейін ТЖМ бөлімшелері оқиға орнына жедел жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілер келген кезде көліктің мотор бөлігі мен кабинасы ашық жалынға оранған. Өрт көбіктүзгіш зат қолдану арқылы сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
ТЖМ автокөліктерді уақтылы техникалық тексеруден өткізіп, жанармай және электр жүйелерінің жағдайын бақылауға шақырады.