Кеше 2026, 22:56
Фото: istockphoto.com
Рудныйда жол апатынан бір адам қаза тапты
Mercedes пен Volkswagen Қашар кентіне шығар жолда соқтығысқан.
Рудный қаласындағы тасжолда адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды. Қашар кентіне шығар жолда Mercedes 124 пен Volkswagen Polo көліктері соқтығысқан, деп хабарлайды BAQ.KZ "Наша газетаға" сілтеме жасап.
Жол апаты салдарынан бір адам оқиға орнында қаза тапты. Екінші жүргізуші ауруханаға жеткізілген.
Қостанай облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмды, тағы бір қатысушы медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп мәлімдеді полиция.