Бүгiн 2026, 13:47 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Рудныйда өрт кезінде көпқабатты үйден 14 адам эвакуацияланды

Құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарып, өртті сөндірді.

Рудныйда тұрғын үйде шыққан өрт кезінде 14 адам эвакуацияланды.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Өрт Космонавтов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде болған.

ТЖД қызметкерлері автосатының көмегімен төрт адамды құтқарған. Тағы 14 тұрғын, оның ішінде төрт бала баспалдақ арқылы сыртқа шығарылды.

Өрт 20 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.