9 Қаңтар 2025, 12:19
Фото: polisia.kz
Рудныйда есірткі зертханасы жойылды
Рудныйда полиция қызметкерлері прокуратураның көмегімен өз пәтерінде қарасора өсірген ер адамның жерасты зертханасын жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Рудныйда полиция қызметкерлері прокуратураның көмегімен өз пәтерінде қарасора өсірген ер адамның жерасты зертханасын жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары балконда термоматериалмен қапталған жылыжай тапты. Ішінде каннабис тектес өсімдік өсіретін үш құмыра, үш электр фитолампасы, электр сорғыш және желдеткіші болды. Сонымен қатар ас үй бөлмесіндегі үстелде ZIP пакеттерінде каннабис тұқымы сақталған қорап табылды.
Сараптама тәркіленген заттың салмағы 1,3 келіден асатын каннабис өсімдігі екенін растады. Медициналық куәландыру күдіктіні ұстау кезінде каннабиоидты қолданудың іздері анықталғанын көрсетті.
Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша Рудный тұрғынына қатысты полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Кінәлі екені дәлелденген жағдайда, ол қылмыстық жазаға тартылады.
- Қазақстанда «Яндекс» сервистері неге істемей қалғаны белгілі болды 01:29
- «Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды 00:51
- Жаңбыр, тұман: Дүйсенбіде 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды 11.10.2026
- Трамп Украина мен Ресей арасында энергетикалық бітім жариялады 11.10.2026
- Әуежай залында Қазақстан Президенті құрметті қонақтармен аз-кем әңгімелесті 11.10.2026
- Ұлытау облысында науқас шұғыл түрде тікұшақпен Жезқазғанға жеткізілді 11.10.2026
- Мемлекет басшысы Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды 11.10.2026