Рудныйда екі жасар қыз баланы көлік қағып кетті: бүлдіршіннің қаза болғаны расталды
«Газель» автокөлігі артқа жүріп бара жатып, бүлдіршінді қағып кеткен
Қостанай облысының Рудный қаласында екі жасар қыз баланы «Газель» көлігі қағып кетті. Салдарынан бүлдіршін көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қайғылы оқиғаны облыстық Полиция департаменті растап, агенттік тілшісіне пікір білдірді.
Ведомство дерегіне сүйенсек, кәмелетке толмаған баланы қағып, оның қаза болуына әкеп соққан дерек бойынша Рудный қаласында сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, «Газель» автокөлігінің жүргізушісі тұрғын үйлердің бірінің ауласында кері бағытта қозғалу кезінде баланы қағып кеткен.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Полиция жүргізушілерді аулалар мен тұрғын аймақтарда, әсіресе кері қозғалу кезінде, барынша мұқият болуға шақырады. Балалардың қауіпсіздігі жоғары жауапкершілік пен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды талап етеді», – делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.
- 18 шілдеге арналған валюта бағамы жарияланды 13:52
- Нұртөре Жүсіп: «Қоғамды өзгерткің келсе, алдымен өз балаңды тәрбиеле» 13:18
- Павлодар облысында мемлекетке 2,5 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жері қайтарылды 12:49
- Air Astana-дан 1 млрд теңгеден астам қаржы жымқырғандар ісі бойынша үкім өзгеріссіз қалды 12:14
- Ақмола облысында жаңғыртылған теміржол вокзалы пайдалануға берілді 11:48
- Астанада қоғамдық орындарды таза ұстауға арналған профилактикалық рейд өтті 11:34
- «Семей орманы» резерватындағы ірі орман өрті оқшауланды 10:51