22 Қыркүйек 2026, 11:37
Фото: видеодан алынған кадр
Рудныйда әйел бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті
Қостанай облысында болған оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті. Әйелді шатырдан арнайы құралдардың көмегімен түсірді.
Қостанай облысының Рудный қаласында әйел бесінші қабаттың терезесінен құлап, тұрғын үйге жапсарлас салынған дәмхананың шатырына түскен. Бұл туралы BAQ.KZ ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға туралы хабарлама «112» пультіне 50 жыл Октябрь көшесінен түскен.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар арнайы арқан мен зембілдің көмегімен зардап шеккен әйелді шатырдан түсірді.
Одан кейін әйел жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.
Төтенше жағдайлар министрлігі төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне дереу хабарласу қажеттігін еске салады.