Рудныйда 10 жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 тамыз күні сағат 04:19-да Рудный қаласының байланыс пунктіне "Рудный Автотранс" ЖШС аумағындағы өрт туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер ашық аумақта жанып жатқан жолаушылар автобустарын тапты. Жақын тұрған көліктер эвакуацияланды.

2-МӨСБ және объект өкілдерінің күшімен 12 автобус қауіпсіз қашықтыққа шығарылды.

Өрт 05:02-де ауыздықталды. 5:10-да жойылды.

10 автобус өртеніп, 2 автобусқа зақым келді. Өртті сөндіруге Рудный қаласының 2-ӨСБ 2 бірлік техникасы және ССКӨБ АҚ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 2 бірлігі, жеке құрамның 18 адамы жұмылдырылды, - деп хабарлады Қостанай облысы ТЖД хабарламасында.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы