Рудный қаласының прокуроры ұсталды – Бас прокуратура
Қостанай облысындағы Рудный қаласының прокуроры прокурорын қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қызметтік тәртіп бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қостанай облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімшесі ҰҚК департаментімен бірлесіп 2025 жылғы 28 қыркүйекте Рудный қаласының прокурорын қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұстады, - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы