Рудный қаласында 2 жасар сәби терезеден құлап көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының Рудный қаласында 2 жасар сәби терезеден құлап көз жұмды, деп хабарлады ҚазАқпарат. 

Бұл жайында мәлімет әлеуметтік желілерде тарады. 13 сәуір күні кешкісін 2020 жылы туған бала Павел Корчагин көшесінде орналасқан үйдің 5-қабатынан құлап кеткен. Бүлдіршін алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды. 

Құтқарушылардың айтуынша, бала терезедегі москит торына сүйенген. Салдарынан ол шыдамай, бала тормен бірге жерге құлаған. Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтап, тексеріп жатыр. 

Төтенше жағдайлар басқармасы балаларды пәтерде қараусыз қалдырмай, сақтық шараларын ұмытпау керектігін еске салады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы