Рубльдің нығаюы Қазақстан экономикасына әсер ете ме?

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин рубльдің нығаюы мен Ресеймен шекаралас өңірлерге өнім өткізу Қазақстан экономикасына қалай ықпал ететін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, жағдай бақылауда. Әзірге ешқандай проблема жоқ. Ал валюта тербелісі ішкі өндірістің дамуын жандандыруы мүмкін. Ал өнімді өткізуге қатысты Үкімет жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Қазір рубльдің курсы – шамамен 6,7–6,8 теңге. Бір жағынан, бұл – тиімді, бір жағынан – тиімсіз. Бірақ әзірге ешқандай проблема жоқ, біз дер кезінде әрекет ету үшін жағдайды бақылауда ұстап отырмыз, - деді Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар ол рубльдің нығаюы инфляция мен ішкі өндіріске ықпал еткенін мысалға келтірді.

Біз инвестициялық жобалар үшін стандартты жасақтаушы материалдарды сатып аламыз. Егер бұл тиімсіз болса, бұл қандай да бір деңгейде жаман деген сөз емес. Өйткені ішкі өндірісті жандандырады. Бұл ешқандай зиян келтірмейді, керісінше, жеке өнеркәсіпті дамытуға мәжбүрлейді, - деп түсіндірді Ұлттық экономика министрі.

Вице-премьердің сөзінше, әлемдегі сыртқы сауда салыстырмалы басымдықтар заңдылығына сай құралады. Бір мемлекет бәрі жақсы болған кезде өнімді сатса, ал енді бірі – жағдай нашарлағанда сатып алады. Бұл өз кезегінде сәйкес мемлекеттік саясатты құруды талап етеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы