Рубль бағасына НАТО-ның әсері бар ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова хабарлады. Оның айтуынша, биылғы жылдың басынан бастап дамушы елдердің валюта индексі бойынша айтарлықтай өзгерістер байқалмайды.

Алайда, кеше Ресей рублінің бағамы бір доллар үшін 74,7 рубльден 76,3 рубльге дейін 2,2%-ға әлсірегенін атап өткен жөн. Бұған НАТО мен Ресей Федерациясы арасында Украинадағы жағдай бойынша жүргізілген келіссөздердің нәтижесіз аяқталуы ықпал етті, - деді Ұлттық банк өкілі.

Сонымен қатар ол 2021 жылы қомақты өсуді көрсеткен активтерге тоқтады.

Былтыр дамыған елдердің акциялар нарығы қомақты өсті. Ол фискалдық және монетарлық қолдау шаралары есебінен өтімділіктің сақталып отырған ең үлкен көлемі шеңберінде орын алды. MSCI World индексі бір жыл ішінде 22,4%-ға өсті. АҚШ долларының нығаюы аясында дамыған елдердің мемлекеттік облигацияларының жаһандық индекстерінің кірістілігі теріс болды және (-)3,5%-ды құрады. Ал корпоративтік облигациялар индексі 3,1%-ға төмендеді, - деп атап өтті Әлия Молдабекова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы