Өртеніп жатқан қамысқа тікұшақпен 30 тонна су шашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласынан барған «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-17 тікұшағы жану ошағына 3 тоннадан 10 рет су шашты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сонымен қатар «Қазавиақұтқару» АҚ «Еврокоптер145» тікұшағымен жану аумағын бойлай ұшу жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысында Атырау қаласынан 30 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында қамыс жанып жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ, өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Өрт жеке ошақтармен жануда.

Жану орны батпақты, өсімдіктердің биік болуы өртті сөндіруді қиындатты, осыған байланысты арнайы техниканың өту мүмкіндігі жоқ, - делінген хабарламада.

Алдын ала жану ауданы 110 га. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД, «Қазавиақұтқару» АҚ, Орман шаруашылығынан, жергілікті атқарушы органдардан 82 адам, 23 техника және 2 тікұшақ жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы