ҚР Қорғаныс министрінің жаңа орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімдерімен бірқатар ауыз-түйіс орын алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Бауыржан Қадырұлы Тортаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне;
Бахытжан Билялұлы Намаев Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды.
Бауыржан Қадырұлы Тортаев 1967 жылы 18 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген.
Үйленген, бір қыз бен екі ұл тәрбиелеп отыр.
Білімі: 1991 жылы Серго Орджоникидзе атындағы Қызыл Еңбек орденінің Мәскеу мемлекеттік басқару академиясын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірді.
Ғылыми баспалардың авторы.
Еңбек жолын 1991 жылы Семей шикізат-тауар биржасының орталығында ақпараттық-анықтаманың маманы болып бастады.
1992 жылдан бастап 1995 жыл аралығында коммерция құрылымдарында әртүрлі қызмет атқарды;
1996 жылдан бастап 1997 жыл аралығында Семей облыстық экономика басқармасында жетекші, бас маман;
1997 жылдан бастап 1998 жыл аралығында Семей қаласының әкімі аппаратында экономикалық жиынтық бөлімінде кеңесші;
1998 жылдан бастап 1999 жыл аралығында Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы бастығының орынбасары;
1999 жылдан бастап 2002 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасының бастығы;
2002 жылдан бастап 2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Статистика бойынша агенттігі төрағасының орынбасары;
2008 жылдан бастап 2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры;
2010 жылдан бастап 2011 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің директоры;
2011 жылдан бастап 2012 жыл аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі;
2012 жылдан бастап 2017 жылдың сәуір айына дейін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 5 сәуірдегі №158 Өкімімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.