Роза Рымбаева Украинада "Жыл адамы" атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинадағы "Жыл адамы" жалпыұлттық бағдарламасының жоғарғы академиялық кеңесі осындай шешім шығарды. Бұл жөнінде lada.kz порталы хабарлады.
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева Украинада мәдениет пен өнер саласындағы "Жыл адамы" Халықаралық сыйлығына ие болды.Әнші бұл ақпаратпен өз Инстаграм парақшасында бөліскен.
Бағдарлама ұйымдастырушыларының айтуынша, украиналықтар шетелдік танымал қайраткерлердің қолдауы мен жан-жақты көмегін жылы қабыл алады. "Жыл адамы" жалпыұлттық бағдарламасы аясында 2001 жылы құрылған арнайы халықаралық сыйлығын жыл сайын табыс ету осы алғыстың белгісі болып табылады.
Аталған халықаралық сыйлықты иеленгендер қатарында еуропалық елдердің көшбасшылары, діни қызметкерлер, дипломаттар, меценаттар, әлемдік мәдениет пен өнер саласының өкілдері бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұр-Сұлтан қаласы. Қызылжарлықтар астананың жаңа атауын қолдайды
Өзгелердің жаңалығы