Роза Рымбаева алаяққа алданғанына қатысты пікір білдірді

Бұған дейін Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева алаяқтың құрбаны болды деген ақпарат тараған еді. Дегенмен әнші бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

BaigeNews.kz сайтына берген сұхбатында Роза Рымбаева ешқандай қылмыстық іспен байланысы жоқ екенін, ешқандай іс қаралмағанын айтты.

Сіздерге мұндай ақпаратты кім берген? Біле білсеңіз, мені ешкім алдамады. Олар ойдан құрастырмасын. Отырып алып бос әңгіме ойлап тапқан. Олар менен сұрады ма? Жоқ! Ең әуелі менен сұрау керек. Оларға хайп жасап, дүрбелең ұйымдастырса болды, - деп аң-таң болды әнші.

"Өзі туралы жалған ақпарат таратқандарды жауапқа тартқыңыз келе ме" деген сауалға Халық әртісі қысқа жауап қайырды. Айтуынша, бұндай істердің барлығынан шаршаған.

Барлығының менен басқа жазатындары жоқ. Менің мазамды алмаңыздаршы, - деді Рымбаева.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/rozarymbaeva
Өзгелердің жаңалығы