Роза Бағланованың 100 жылдығына орай көрме ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Роза Бағланова атындағы қазақ концерті» мемлекеттік концерттік бірлестігінің директоры Жеңіс Сейдоллаұлы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен көшпелі брифингте айтты. 

Ұлт мақтанышына айналған Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойын мерекеледу алғашқылардың бірі болып бастап отырмыз. Осы үлкен мерейтойға арналған алғашқы іс-шараны бірі - көрме мен эксклюзивті мүсіннің таныстырылымы. Фотокөрмеге Роза Бағдланованың сирек суреттері қойылды. Оны Роза Бағланованың ұлы Тәжен мен келіні Марал ұсынды. Оларға алғыс айтқым келеді, - деді ол.

Жеңіс Сейдоллаұлы атап өткендей, мерейтой аясындағы тағы бір ілкімді шара Роза Бағланованың гипер реалистік мүсіні.

Барша өнер сүйер қауым бұл көрме мен гипермүсінді «Қазақстан» ОКЗ-ға келіп тегін көре алады, - деді ол. 

Жоспар бойынша 1 наурыз күні «Қазақстан» орталық концерттік залында Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойын мерекелеудің ресми шарасын және өнер шеберлерінің концерті, Қызылорда, Алматы, ЮНЕСКО-мен бірлесіп Париж (Франция) және Мәскеу (Ресей Федерациясы) қалаларында мерейтойлық концерттер, Нұр-Сұлтан қаласында Бағланова атындағы Халықаралық вокалдық конкурс, сондай-ақ бірқатар ірі мәдени іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ
Өзгелердің жаңалығы